19.09.2017, 16:33
Оқылды: 15

Ақжайық ауданының 13 ауылына су, 11 ауылына газ жетеді

Аудан әкімі Әділ Жоламанов таза ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып жатқанын айтады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атамекен, Қабыршақты, Базаршолан ауылдары және «Ақбұлақ» бойынша Ақсуат, Дөңгелек, Есім, Баянтөбе, Ақбұлақ елді мекендері сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Жалпы келер жылы аудандағы 13 ауылға таза ауыз су жеткізілмек. Сонымен қатар 2017-2018 жылдары ауданның 11 елді мекеніне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары аяқталмақ.

Шабдаржап ауылында 198 орындық екі қабатты жаңа мектеп салынуда. Аудан орталығында 300 орындық Абай атындағы мектеп-гимназияның және 100 орындық интернаттың, ал Атамекен ауылында 108 орындық мектептің құрылысы қолға алынбақ.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале