5.02.2019, 13:30
Оқылды: 23

Ақжайық ауданының 92,5 пайызы газбен қамтылған

Бұл жайында Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың тұрғындар алдындағы есебінде мәлім болды.

aqjaiyq esep (5)

-Халықтың өтінішіне сай мемлекет қамқорлығының жарқын бір көрінісі – елді мекендерді таза ауыз сумен қамту. Қазір 28 ауылда ауыз су мәселесі шешілген, яғни тұрғындардың 84,8 пайызы таза сумен қамтылып отыр. Шабдаржап, Томпақ ауылдары бойынша 2018 жылы құрылысы басталған таза ауыз су тарту жұмысы жалғасатын болады. Тағы 6 ауылға құбыр тарту және Базартөбе ауылында құбырды қайта құру жоспарланды.

Бүгінге тұрғындардың 92,5 пайызы газбен қамтылған. Президенттің бес әлеуметтік бастамасына сай 11 елді мекенді көгілдір отынмен қамту үшін желі апарылды. Мұның бәрі мемлекеттің миллиардтаған қаржысы жұмсалды деген сөз. Енді баспаналарға газды жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бұл мәреленген жағдайда газбен қамту көрсеткіші 99 пайызды құрайды.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале