13.05.2019, 16:05
Оқылды: 387

Ақжайық ауруханасында тұңғыш рет өт қабын алып тастау отасы жасалды

Ақжайық аудандық ауруханасында тұңғыш рет лапароскопиялық холицистоэктомия - өт қабын алып тастау отасы жасалды. Бұл алдын ала белгіленген үш науқасқа жасалды. Қазіргі уақытта олар өздерін жақсы сезінеді.

 IMG-20190411-WA0051

         Оталарды хирург Дәурен Құдесов және анестезиолог-реаниматолог Мұрат Социалов жасап, облыстық штаттан тыс бас хирург Самарбай Мұқанов машықтық көмек көрсетті. Сөйтіп, өт-тас ауруынан құтылған үш пациент отадан кейінгі жетінші күні ауруханадан шықты.

         Оталар заманауи «KarlStorz» атты лапороскопиялық тірекпен жүргізілді. Лапароскопия – хирургияның қазіргі заманғы, азинвазивті әдісі, онда ішкі ағзаларда ота шағын тесіктер арқылы жүргізіледі. Ал дәстүрлі хирургия кезінде үлкен тіліктер қажет, бұл пациенттер үшін аса ауыр және мұны кейін қалпына келтіру үшін көп уақыт қажет. Қазіргі уақытта лапароскопиялық оталар әртүрлі хирургиялық ауруларды, соның ішінде өт қабындағы тастарды емдеуде өте кең таралған, өйткені лапароскопия жоғары тиімді және сонымен бірге іш қуысы мен кіші жамбас мүшелеріне оперативтік араласудың салыстырмалы қауіпсіз, аз жарақаттық әдісі болып табылады.

         Бұған дейін мұндай оталар тек облыстық деңгейде өткізілді. Ал енді сатып алынған жабдық пен мамандарды оқыту арқасында Ақжайық аудандық ауруханасында да жүргізілетін болады.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале