23.07.2019, 12:09
Оқылды: 318

"Ақжайық" минералды суы "Алтын дипломды" жеңіп алды

Бұл туралы біз Жайық өзенінің жағасында әсем табиғат аясында орналасқан "Ақжайық" шипажайында болған сапарымызда хабардар болдық. Еліміздегі заман талабына сай жабдықталған сауықтыру орталықтарының бірі де бірегейі болып табылатын бұл шипажайда емдеу барысында пайдаланылып жүрген минералдық судың сапасы ең үздік деп танылған.

Akzhaik diplom (2)

- Қазақстандағы 200 емдеу-сауықтыру орталықтарының 70 пайызының жеке кеніші бар. Солардың арасынан біздің "Ақжайық" шипажайы Қазақстан Республикасы шипажайлар қауымдастығының ұйғарымымен ең үздік деп танылды. Оған себеп - сауықтыру орталығының маңынан табылып, емдеу ісіне пайдаланылып жүрген табиғи минералдық судың сапалық құрамының жоғары болуы, - деген шипажай директоры Альберт Сафуллин емдік судың құрамы және адам бойындағы қандай дерттерге дауа болатыны жайында кеңінен әңгімеледі. - Минералды судың жүрек-қан тамырлары, жүректің ишемиялық  ауруына, тірек-қозғалыс жүйесі, қант диабеті, жүйке және әйелдердің ауруларын емдеуде өте пайдалы, емдік қасиеті жоғары екені дәлелденді. Асқазан-ішек жолдарын минералды сумен жуу әдісі шипажайдың емдеу-сауықтыру қызметінде 2000 жылдан бастап жолға қойылған.

Akzhaik diplom (1)

Ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың тұжырымы бойынша, "Ақжайық" емдік суының 6-27 мг/литрі минералмен құнарландырылған, химиялық құрамында хлопид, магний, натрий элементтері бар. Сонымен қатар құрамында бром, кремний сынды биологиялық қоспалар мол кездеседі.  Судың минералды құнарланған құрамы емдік процедура барысында емдік ауыз су ретінде қолданылып, ем қабылдаушылардың дертінен сауығуына оң әсер етеді.

Айгүл Ахметова

Суреттерді түсірген

Динара Кендірбаева

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале