24.01.2017, 16:25
Оқылды: 57

Ақжайық музейінің жылжымалы көрмесі

Akjayik Yli dala myralari  Ақжайық аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала мұралары» атты жылжымалы көрмесі Жайық негізгі мектебінде ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – өткен ғасырларда өмір сүрген қазақтың алтын қолды ұсталары мен зергерлерінің асыл мұраларын насихаттау.


   Музей қызметкерлері ұсталық кәсіп, зергерлік өнерді жәдігерлер негізінде жан-жақты ұғындырды.

   – Көрмеде қазақтың ежелгі қару-жарақтарының түрлері, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қыз-келіншектердің күмістен жасалған әшекей бұйымдар да бар. Мұндай жылжымалы көрме басқа ауылдарда да ұйымдастырылады,-дейді музей экскурсоводы Юлия Нұрланқызы.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале