24.07.2018, 10:11
Оқылды: 19

Ақжайық тұрғыны қазға «көзілдірік» кигізіп қойды

 

kazАқжайық ауданының орталығы – Чапаев тұрғыны Төлеу Айпенов ауласында азын-шоғын болса да, құс өсірумен сүйіп шұғылданатын жандардың бірі. Тауыққа қоса өткен сәуірде қаз өсіруді бастады.


 

Алдымен аналығы мен аталығын сатып алған-ды. Көп ұзамай аналығының қанатының астына Оралдағы инкубаторда шығарылған сарғыш-сұр тектіден 10 балапан салды. Бұлар қанаттана бастаған соң көп ұзамай бір тұрғыннан 10 қоңырқай балапанды әкеліп, сол аналыққа «тапсырды».

Енді сол қоңырқайлар бауырын дұрыстап көтеріп, «тентектікті» бастай бергенде, үй іші бір шыжықты көреді. Аталық пен аналық әрине, «қаралардан» бұрын әлгі сарғыш-сұрға үйреніп қалғасын ба, мына «қараларды» жатырқап, тістеп, шетқақпай жасап, әлімжеттік көрсетеді. Айқайды қайдан түсінсін. Не істеу керек?

kaz1Төлеу әйелдердің қара капрон шұлығын алдырып, оны  кесіп, шақтап, әлгі екеуінің басына кигізеді. Мұны аналық пен аталықтың көзіне «көзілдірік» дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. Сөйтіп, әлгі екеуінің көзіне балапандардың бәрі бір түсті, олар үшін бөтені жоқ. “Е, жарар, бәрі бір түсті, өзіміздей” дейтін секілді, тып-тыныш. Сондықтан «Құда да тыныш, құдағи да тыныш». Көрші-көлем «Төлеудің шығармайтыны жоқ» деп әңгімелеп қояды.

Қазір ауладағы басқа құспен бірге қаз балапандарының амандығына үйдегі немерелер де бас көз болып жүр. Ал бұл балапандар барған сайын ет алуда.

Ана бір жылдары сонау жердегі чехтар сиырлардың берген шөптен қалдық қалдырмай, сояуына дейін түгел жеп қоюы үшін түліктердің көзіне жасыл әйнекті көзілдірік кигізіп қойғанын естігенбіз. Т.Айпеновтың амалы да сондайға, яғни «Естімеген елде көпке» жақын емес пе.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Әли АСҚАР

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале