10.04.2017, 12:16
Оқылды: 35

Ақжайық жастары ерекше акция өткізді

Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Денсаулық» атауымен ерекше шара ұйымдастырды. Акция аудан орталығының халық көп қатынайтын мекемелерінде және Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде өтті.

Артериалды гипертензия, гипертонияның алдын алу мақсатында медициналық қызметкерлер жергілікті тұрғындардың қан қысымын өлшеді.  Сонымен қатар санитарлық-эпидемиялогиялық мекеме мамандары кеңес берді. Шара барысында жаднама парақшалары да таратылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале