22.01.2018, 13:04
Оқылды: 41

Ақжайықта әдеби-сазды кеш өтті

Ақжайық ауданында «Атамекен – ән-жырым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жергілікті ақындардың жырлары оқылып, олардың сөздеріне жазылған әндер әуелеген шара барысында рухани сабақтастық, ел алдындағы ортақ парыз жайында әңгімеленді.

Композитор Жасталап Қуанғалиевтің орындауындағы «Жұбан елі» (сөзі Сағынтай Бисенғалиев), «Саз сырнайым» (сөзі Үзілдік Елубайқызы) әндері тыңдарманның көңілінен шықты.

Еңбек ардагері, домбырашы, көптеген күйдің авторы Аманғали Қайсағалиев, Еділбай Меңдешов, Сейітқали Қайырғалиев, Ғұбайдолла Хибашев сынды сазгерлердің туындылары қанша уақыт өтсе де ескірмейді. Ақындар Тілес Жазықбай, Мәлік Берді Әлінің жырлары жұрттың жадында. Әйгілі қаламгер, Ұлы Жеңіс сарбазы Сағынғали Сейітовтің «Ешқашан да қайталанбас 41», өмірден ерте кеткен Сағат Әбдуғалиевтің «Кіндік жұрт Қазақстаным!» атты өлеңдері залды тебіреніске бөледі.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

akjaik kesh 2 akjaik kesh 3 akjaik kesh 4 akjaik kesh

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале