22.08.2018, 14:23
Оқылды: 61

Ақжайықта айт намазы оқылды

DSC_0036Аудан орталығы Чапаевта Құрбан айт мерекесі кеңінен аталып өтті. Алдымен мешітке жиналған жамағат таңғы айт намазына қатысты.


 

Аудандық мешіт алаңында ұлық мерекеге орай ұйымдастырылған шарада бас имам Ерлан Әйтенов Құрбан айттың мән-маңызын баяндады. Шараға еңбек ардагерлері мен жергілікті өнерпаздар қатысты.

Аудандық мешіт жайған дастарқан басында салихалы әңгіме өрбіді. Құрбан айттың құндылықтары жайлы сөз қозғалды. Спорттық шаралар ұйымдастырылып, жүлдегерлер демеушілер дайындаған бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале