Облыс əкімі А.Көлгінов Ақжайық ауданында жұмыс сапарымен болды.
Өңір басшысы аудан орталығы Чапаев ауылына кіреберіс 1,6 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарымен, апатты деп танылған Абай атындағы мектеп-гимназиясы үшін жаңадан бой көтеретін 100 орындық интернаты және 300 орындық мектеп-гимназияның құрылысы жоспарымен танысып, еңбек ардагерлерімен кездесті.
Кездесуде облыс әкімі мемлекеттік саясаттың өңірде жүзеге асуы туралы баяндап, жоспарланған жұмыстардың барлығы да тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандығын айтты.
Облыс басшысына аудан əкімінің орынбасарлары Т.Шиниязов және А.Абуғалиев биыл ауданда жоспарланған құрылыс жұмыстарымен, коммуналдық меншіктегі суландыру жүйелері туралы атқарылып жатқан жұмыспен таныстырды.
Облыс әкімі атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, қолдау болатынын жеткізді.
Өңір басшысы аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін №1 мектепті көрді. Мектептің жағдайымен танысқан Алтай Көлгінов күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау болатындығын, Елбасы ұсынған "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша жоспарға бекітілгендігін айтты.