5.12.2017, 11:18
Оқылды: 31

Ақжайықта асық атудан жарыс өтті  

 

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта аудандық білім бөлімі мен «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен асық ату ойынынан аудандық біріншілік өтті.

Ұлттық спорт түрлерін жандандыру, асық ойынын кеңінен насихаттау мақсатындағы мұндай дәстүрлі шараға атсалысушылар жыл өткен сайын көбеюде.

 

12 команда қатысқан ойын нәтижесінде жалпыкомандалық есепте оқушылар арасынан І орынды аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп, ІІ орынды Чапаев №1 орта мектебі, ІІІ орынды Ақжол ауылдық округіндегі Ілбішін негізгі мектебінің өкілдері еншіледі. Жеке есепте І орынды қыздар арасында М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Айым Бисембайықызы, ұлдар арасында №1 мектеп оқушылары Қаныбек Ерсайын мен Әнуарбек Қабдрешов иеленді.

Ересектер арасында жалпыкомандалық есепте «Жігер» спорт клубы командасы І орын, Чапаев №1 мектебі командасы ІІ орын иеленді, Тайпақтағы Қ.Байсықов атындағы орта мектеп командасы ІІІ орынға табан тіреді. Жеке есепте әйелдер арасында чапаевтық Жанна Сәрсенова, ерлер арасында Қуаныш Жұмағазиев пен Әліби Ғалымов озық шықты.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале