4.08.2017, 11:14
Оқылды: 22

Ақжайықта асыл түлік өсірушілер көбеюде

 

Ақжайық ауданы бойынша ірі қара малын өсірушілер былтыр асыл тұқымды 642 бас сатып алса, биыл бұл жөнінде көрсеткіш едәуір ілгерілегелі тұр.


Жылдың өткен кезеңінде шаруалар 774 бас асыл тұқымды ірі қара (оның 360 басы аталық, 414 басы қашар) сатып алды. Бұл ретте аудандағы бүгінде саны 22-ге жетіп отырған, малы асыл тұқымды мәртебеге ие 22 шаруа қожалығының орны айрықша. Айталық, «Сәбит» (Алғабас ауылдық округі), «Атамұра», «Аманер» (Бударин ауылдық округі) секілді ірі шаруа қожалықтарының иелерімен басқалар, яғни түлігін асылдандыруды көздеген қыр еңбеккерлері тығыз байланыс ұстаған.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале