15.10.2018, 16:09
Оқылды: 40

Ақжайықта ауыл күні мерекесі өтті

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Ауылым, алтын бесігім!» атты ауыл күні мерекесі өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов болды.

aqjaiyq (2)

         Николай Майданов атындағы саябаққа жиналғандарды Чапаев ауылдық округ әкімі Нұртаза Нәбиденов ауыл күні мерекесімен құттықтады. Ол аудан орталығындағы мәдени-көпшілік шараларды өткізуге әрдайым қолдаулары және ауылды көріктендіруге қосып жүрген үлестері үшін бір топ азаматты қошеметтеді.

         Аудан әкімінің орынбасары Асқар Әбуғалиев Чапаевта ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін ұйымдастыруға әрдайым белсене араласып келе жатқан Ақсуат ауылдық округінің ветеринариялық телім меңгерушісі Гүлбаршын Досымова, Көнеккеткен ауылдық округінің жетекші маманы Гүлнар Нұғманова, Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері Орынбасар Қабдырашов және «Балауса» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Жұмашев (Алмалы) пен Бекежан Өтепбергеновке (Көнеккеткен) алғысхат тапсырды.

         Шара барысында ауданның мәдениет қызметкерлері әндерімен, билерімен жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген Құрман Бисенғалиевтің ұйымдастыруымен ата-бабамыз жеті қазынасының бірі – құмай тазыларды тұрғындарға таныстырды. Әуесқой аңшылар Асылбек Сүлейменов пен Станислав Кривопутский баптайтын құмайларды қызықтаушылар аз болған жоқ.

         – Құмай тазы тұқымын сақтап қалу, соны өсіріп, асылдандыруды көздеп келемін. Төрт жылдан бері тазы ұстаймын. Күшіктеген кезде жер-жерден алушылар табылады,- дейді С.Кривопутский.

         Ұлттық спорттық ойындарды тамашалаушылар да аз болған жоқ. Жалпыкомандалық есепте асық атудан М.Әуезов атындағы мектеп командасы, арқан тартыстан «Жігер» спорт клубының қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Қол күресінен Ринат Абатұлы, гір тасын көтеруден Қуаныш Телағысов жеңімпаз атанды.

Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

aqjaiyq (1) aqjaiyq (3) aqjaiyq (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале