5.02.2018, 18:24
Оқылды: 13

Ақжайықта бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтеді

IMG_3676Бүгін аудан әкімі халық алдында есеп беріп, жоспарлармен бөлісті.

-Алдағы уақытта аудан орталығынан 300 орындық мектеп-гимназия ғимараты 100 орындық интернатымен /жоба құны 1150,0 млн. теңге/ және Атамекен ауылында 108 орындық мектеп ғимаратының /жоба құны 555,7 млн. теңге/ құрылысы жүргізілетін болады. Жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Ал денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі жөндеу мақсатында Мерген, Қарауылтөбе, Есенсай, Қабыршақты ауылдық дәрігерлік амбулаториялары және Есім, Баянтөбе, Коловертное, Қызылжар медициналық пункттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамаға жолданды.

Спорттың бұқаралығын арттыру бағытында аудан орталығында жоба құны 503,0 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтті, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асыру жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар биылғы жылы 5 ауылда (Қарауылтөбе, Базартөбе, Сарытоғай, Қабыршақты, Үштөбе) спорт алаңын салу жоспарлануда, - деді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале