18.04.2019, 11:03
Оқылды: 23

Ақжайықта бокстан облыстық турнир аяқталды

Ақжайық ауданы әкімінің жүлдесі үшін Чапаев ауылында бокстан жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир ұйымдастырылды.

DSC_0024

Дәстүрлі шараға облысымыздың 5 ауданынан және көршілес Атыраудың Индерінен, Оралдан барлығы 130 спортшы қатысты. 13 салмақ дәрежесі бойынша рингке шыққан балауса былғары қолғап шымырлары спортсүйер қауымға тартысты сәт сыйлады.

Өз салмақ дәрежелері бойынша 2011 жылы туғандар арасынан Бектемір Азамат (Чапаев), Аян Қуанов, Жігер Ырысқали (Желаев кенті), 2008 жылғылардан Нұрсұлтан Жұмагерей, Армат Жұмагерей (Қазталов), Диас Бесүгіров, Ділшат Жәкиев, Адам Исаев (Орал), Ислам Оспан (Сырым), 2009-2010 жылғылардан Бекзат Бектемір, Асылжан Нәсен, Нұрдәулет Ізбазаров (Чапаев), Әділ Манарбек (Орал), Алмат Жұмагерей (Қазталов) жеңімпаз танылды.

2004-2005, 2002-2003 жылғылар арасында жеңіс тұғырына көтерілгендерден алаң иелерінен Теңізбай Нұраш, Азамат Жолдас, Бексұлтан Естіғұлов, Бекарыс Кенжеғалиев бар.

Қыздар арасында Гауһар Сарқұлова (Ақжайық), Динара Сұлтанбекова (Бөрлі), Баянсұлу Айдынғали (Қазталов) топжарды.

Сондай-ақ Ділшат Жәкиев (Орал), Өтебай Бәйкен (Қазталов) «Ең жас боксшы», Асан Бақытов (Ақжайық) «Үздік техника», Нәсен Асылжан (Ақжайық) «Үздік боксшы» аталымдарын иеленсе, төрешілер Ермұқан Алтыбай (Индер), Бауыржан Жандосымов (Бөрлі), бапкерлерден Асыланбек Сармалаев (Қазталов), Данияр Сетқалиев (Ақжайық) та естелік сыйлықтар алды.

Турнирдің жабылу салтанатында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов дәстүрлі бұл бәсекелердің бокстың одан әрі қанаттануына серпін бергенін атап көрсетіп, қатысушыларға, дене шынықтыру мен спорт жанашырларына ризашылығын айтты.

Жантемір Ықылас

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

DSC_0016

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале