17.08.2018, 18:18
Оқылды: 34

Ақжайықта бруцеллез малын союға тапсырмаған 17 тұрғынға айыппұл салынды

Ақжайық ауданының ауылдарында 64 қора-қопсыны залалсыздандыру аяқталды. Бұл биыл бруцеллез ауруы анықталған 305 ірі қара және 64 бас уақ жандық тұрған қора, аулалар болып табылады. АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау инспекциясы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Азамат Алхамбетовтың айтуынша, аталған кеселмен күрес жөнінде ауқымды міндеттер тұр. Сала мамандары осыған байланысты ауылдарда, қыстақтарда дүркін-дүркін сапарда болуда.

 

«Тиісті заңды ұғындыра отырып, тұрғындар мен шаруалар арасында түліктер індетіне қарсы тегеурінді қадамдар жасамаса, болмайды. Бруцеллездің адамға жұғу оқиғаларының ұшырасуы бәрімізден қырағылықты талап етеді. Өкінішке қарай, түрлі себеп айтып, ауруға шыққан малын мезгілінде оқшауламай, санитарлық союға тапсырмайтындар бар. Сондықтан жыл басынан бері мысалы, Чапаевта 3, Тайпақта 4, Базаршолан мен Ақсуатта барлығы 6, Сарытоғай, Мерген, Бударин және Базартөбеден барлығы 4 тұрғынға 20 АЕК яғни, 48400 теңгеден айыппұл салынды. Сондай-ақ ірі қара малын ектірмегені үшін Ақсуаттан бір тұрғын айыппұл арқалады»,-дейді ол.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале