8-707-808-48-55
11.10.2018, 12:55
Оқылды: 205
Ақжайықта еңбек ардагерлері асық атудан сайысты

Асық атудан спорт пен еңбек ардагерлері арасында Ақжайық ауданының біріншілігі өтті

asyq (1)

         Ақжайық ауданы Чапаев ауылында «Жастар» спорт алаңында тұңғыш рет спорт пен еңбек ардагерлері арасында асық атудан аудан біріншілігі өтті. Ауылдардан келген 30 қатысушыны аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікқали Бақманов құттықтады.

         Ұлттық спорттың осы түріне деген сүйіспеншілік сөзсіз танылған бұл сайыстарда 40-50 жас арасынан шын мықтылығын дәлелдеген Қуаныш Телағысов (М.Әуезов атындағы мектептің мұғалімі) жеңімпаз атанды. 50-60 жас арасында көнеккеткендік Әбуталап Қойшығұлов, 60-тан жоғары жастағылардан да көнеккеткендік Әбілғали Ешімбаев жеңімпаз тұғырына көтерілді. Олардан кейінгі орындарға ие болған Темірболат Өтебаев пен Ыбырай Сұлтанғалиев (Мерген), Рахымжан Сатыбалдиев (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері), Кенжебек Айтқалиев (білім бөлімінің қызметкері), Нәсіпқали Қожахметов (Жамбыл), Болат Айтжанов (Чапаев) та ұлттық ойынның нағыз жанашырлары болуымен жастарға зор өнеге көрсетті.

         Оларға ұйымдастыру алқасының дипломдары, медальдары табыс етілді.

Әли АСҚАР,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

asyq (2)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру