19.03.2019, 17:24
Оқылды: 15

Ақжайықта ереже бұзған 22 жүргізушіге айыппұл салынды

         Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны О. жуырда көлікті арақ ішкен күйінде екінші рет жүргізгендіктен, қылмыстық жауапқа (ҚР ҚК-нің 346-бабы) тартылды. Алдында ол масаң күйде рөлге отырғандықтан ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, автомобильді басқару құқығынан 3 жылға айырылған-ды. Ал сөйте тұра қайталап әлгі әрекетке барғаны үшін 3 жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылумен қоса 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді.

ereje

         - Жылдың І тоқсанында біздің аудандық сот 91 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараса, оның ішінде 7 іс көлік иелерінің рөлге масаң күйінде отыруы, 26 іс жол жүрісі қағидаларын төңірегіндегілердің өміріне қауіпке соқтырған бұзу әрекеті. Ал бір іс жол жүру қағидасын бұзып, өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы. Айталық, жоғарыда аталған 26 іс бойыша 22 көлік иесінің әрқайсына 50 500 теңге айыппұл салынды. Осыншама айыппұл да кейбір жүргізушілерді ойлантпайды, олар жол жүру қағидаларын тағы да бұзып жатады. Бұл бас-көзге қарамайтын бейқамдықты, жауапсыздықты көрсетеді,- дейді аудандық соттың бас маманы Әлия Төлегенова.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале