22.11.2018, 10:37
Оқылды: 98

Ақжайықта еркін күрес ардагерін еске алды

Ақжайық ауданы орталығында жасөспірімдер арасында еркін күрестен спорт ардагері Жеңіс Ығылмановты еске алуға арналған облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

erkin kures (1)

 

         Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Оралдан, Ресей қалаларынан, Бөрлі, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Ақжайық аудандарынан, облыс орталығынан спорт-интернат, мамандандырылған спорт мектебі, «Манас» спорт клубынан 350 жас балуан қатысты.

         Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов сөз сөйлеп, аға ұрпақтың еңбектегі, қоғамдық ортақ істердегі өнегесі жас ұрпақ үшін үлкен мектеп екенін атап көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, БҚО грек-рим және еркін күрес федерациясының директоры Бауыржан Беғайдаров күрес өнерін өркендету бойынша Ақжайық ауданындағы ілгері, алымды қадамдарды әңгімеледі.

Ашық турнирдегі барлық белдесулер тартысты да қызықты өтті. 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Расул Ерманов (32 келі Ақжайық), Адлан Абакаров (35 келі), Давид Даудов (38 келі), Газиммагомед Парилаев (42 келі, бәрі де Дағыстаннан), Нұрсұлтан Жолдасбеков (45 келі), Асылбек Арафат (+45 келі, Алматы) жеңімпаз атанды.

2008-2009 жылдардағы жасөспірімдерден Нығметолла Арыстан (24 келі, Индер), Магомед Демешов (27 келі, Дағыстан), Көпжасар Бекмұрат (30 келі, Алматы), Насур Хасаев (33 келі, Дағыстан), Байыржан Асылхан (35 келі), Шамиль Бекмұханов (38 келі, Бөрлі), Ғалымғали Айбар (+38 келі, Индер) І орынды иеленді.

Ал олардан кейінгі кіші жасөспірімдер арасында Ерсайын Талап (20 келі, Атырау), Нұрберген Амандықұлы (23 келі), Бірлік Алмасұлы (26 келі, Индер), Влад Романов (29 келі, Ульяновск), Жеңіс Қайнар (32 келі), Досжан Есен (35 келі, Ақжайық), Матвей Ключников (+35 келі, Самара) І орынды еншіледі.

Жарыстың жүлдегерлері және үздік төрешілері БҚО еркін және грек-рим күресінің федерациясы, «Камал ОЙЛ» компаниясы, аудандық «Жігер» спорт клубы және Ығылмановтар отбасынан диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен қошеметтелді.

erkin kures (2)

 

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале