3.04.2019, 11:39
Оқылды: 77

Ақжайықта Еркін Өтегеновтің шығармашылық кеші өтті

Ақжайық ауданының орталығыда күллі алашты әнімен әлдилеп жүрген, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегеновтің «Ақжайық – әнім» атты шығармашылық кеші өтті.

 DSC_0114

         Кеш шымылдығы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен А.Майемировтың сөзіне жазылған «Оралым, асыл қалам» әнімен ашылды.

         Оркестр Құрманғазының әйгілі «Серпер», «Сарыарқа» күйлерін орындаған соң Е.Өтегенов «Жүрші сәулем, ауылға», «Әке», «Анаға хат», «Ләйлім шырақ», «Сағындым, сәулем», «Аққуым», «Жұмбақсың», «Қазақстаным», «Ақжайық – әнім» әндерін орындады. Репертуарындағы «Айлы түнде», «Қариялар» сынды жаңа әндер көрерменге жол тартты. Жылдар жүзінде бағындырған биігі көп оның шашбауын көтерген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова мен қазақ эстрадасы жұлдызының бірі Индира Расылхан орындаған әндер кеш шырайын аша түсті. Республикалық айтыстардың жүлдегері, Айнабек Бисенғалиев арнауын арнаса, «Назерке» халық би ансамблі де би орындады.

         Кештің бір ерекшелігі Еркін Өтегенов зайыбы Зоя Қуанғалиеваны сахна төріне алып шығып, көрерменге сәлем салғызуы болды. Отау құрғандарына жеті жыл болған жұбайлар қаламгер Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Жан самалы» әнін қосыла шырқады.

         Шара соңында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ақжайықтықтарға жан сергіткен рухани кеш сыйлаған Еркін Бекмұратұлына игі тілегін арнап, ел атынан сыйлық табыстады.

DSC_0024 DSC_0138 DSC_0168

Нұрхат Мағзомов,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале