18.08.2017, 17:37
Оқылды: 19

Ақжайықта ғылыми-танымдық конференция өтеді

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналып келесі аптаның сейсенбісінде, 22 тамызда «Ақжайықтағы Алаш іздері» атты ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Оған облысымызға, республикамызға еңбегі мәлім шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысады.

Айтулы шарада Алаш қозғалысының Ақжайық ауданы тарихындағы ізі, осы топырақтан шыққан арыстардың қызметі, тағдыры, Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі жайында тың зерттеулер, ерлердің еңбегін оқып-үйренуге қатысты міндеттер баяндалмақ. Конференция материалдары 100 жылдыққа арналып дайындалып жатқан кітапқа енгізілетін болады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале