22.01.2018, 15:47
Оқылды: 24

Тасқалада «Өз балаңа домбыра сыйла!» атауымен акция ұйымдастырылды

Тасқала ауданы орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектепте «Өз балаңа домбыра сыйла!» атты акция ұйымдастырылды.

Акцияда сап түзеген оқушылар мен ата-аналар мемлекеттік гимнді орындады. Мұнан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева аталмыш акцияның маңызына тоқталды. Ол өз атынан саз мектебінің оқушысы А.Сәрсеновке домбыра сыйлады.

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған акцияның маңызы зор. Халқымыздың бай мұрасын түгендеуге мүмкіндік бермек. Домбыраны халқымыздың құндылығы, ата-бабалар үні десек болады. Бүгінде төл өнерді жалғастыру, ұрпақтан-ұрпаққа жалғауымыз қажет. Қасиетті аспапты барынша қадірлеп, көздің қарашығындай сақтайды деген үміттеміз,- деді Люция Әсетқызы.

Шарада барша ата-ана ұл-қыздарына домбыра сыйға тартты.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале