25.01.2019, 16:02
Оқылды: 26

Ақжайықта қар құрсауынан 3 көлік, 17 адам шығарылды

Бүгін Жайықтың сол жағалауында, Орал-Индер көтерме жолынан Ақжайық ауданының орталығына беттеген 1 «УАЗ», 2 «Нива» көлігі 17 жолаушысымен, оның ішінде 1 сәбимен тұрып қалады.

IMG_2384

         Бұрқасын сағат 10-ға дейін соқты. ТЖД №6 жедел құтқару жасағы және басқа да қызметтер «Жайықтехсервис» кәсіпорны техникасымен оларды қар құрсауынан шығарды. Түске дейінгі аяздан зардап шеккен ешкім жоқ.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале