13.03.2018, 12:40
Оқылды: 59

Ақжайықта «Қару» іс-шарасы өтті

Ақжайық ауданында 10 күн бойына өткен «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары шығарылды.

Оның барысында ІІБ-нің 12 қызметкері айталық, «Тіркелген қару» есебінде тұрған 214 қару иесінің 242 бірлік қаруын (238 тегіс ұңғылы, 4 газды) тексерді. ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша, яғни қару сақтау ережесін (басқа біреудің қолы жетпейтін жерге, сейфке сақтау, т.б.) бұзғаны үшін 7 адамға хаттама толтырылып, ӘҚБтК-нің 810- және 811-баптарына сәйкес (әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) 84175 теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді.

Ал аудандағы Тайпақ полиция бөлімшісі бойынша 146 қару иесінің 162 бірлік қаруы (160 тегіс ұңғылы, 2 газды) тексерілді. Оның барысында жоғарыда аталған ереже бұзылғаны үшін 8 хаттама толтырылып, барлығы 92200 теңге айыппұл салында. Сондай-ақ шара барысында ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша, яғни тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін бір адамға әкімшілік хаттама толтырылды, бұл іс сотқа жолданатын болады. Ал ӘҚБтК-нің 486-бабымен – қаруға рұқсат қағазының мерзімін өткізіп алғаны үшін бір тұрғынға 18037,5 теңге айыппұл салынды.

– «Қару» өткізілген күндері аудан тұрғындарынан 5 бірлік азаматтық қару өз еріктерімен ішкі істер органына тапсырылды (Қабыршақты, Чапаев, Алғабас ауылдық округтерінен),-дейді Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылайтын тобы инспекторы, полиция аға лейтенанты Аман Әлмұханов.

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале