23.11.2018, 17:44
Оқылды: 44

Ақжайықта кәсіпкердің қолдауымен балалар ойын алаңы ашылды

Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округінің орталығында тұрғындарды ерекше қуантқан салтанат өтті. Мұнда жаңа балалар ойын алаңы ашылды.

IMG_9311

         Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Әлия Шәрапиева ауыл кәсіпкері Темірболат Қаржауовтың демеушілігімен салынған алаңның ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі.

         «Шынар» шаруа қожалығының иесі Темірболат Қаржауов ісін барған сайын өркендеткен жандардың бірі. Мал өсірумен айналысқанына міне, ширек ғасырдан асты. Ол осы нысанның құрылысы үшін 1 млн. 250 мың теңге жұмсаған. Алаңның жалпы аумағы 15х15 метр. Мұнда әткеншек, сырғанақ және керме бар. Айта кетейік, Темірболат Дүйсеғалиұлы бұған дейін аудандық мешіт құрылысына да жәрдемдесті. Ауылдағы футбол, волейбол командаларына спорттық киімдер мен басқа да қажетті заттарды алуға қамқоршы болып келеді.

         Салтанат барысында ауылдық округ әкімі Тілек Кәкенов жұртына, атамекеніне жаңашыр кәсіпкерге зор ризашылығын арнап, естелік сыйлық табыстады. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нұрсапа Жайтуғанов ауылдастарына әлденеше жүз мың теңгеге салынған алаңды ұқыпты ұстау керегін еске салды.

IMG_9287

IMG_9306

Әли АСҚАР

Ақжайық ауданы

Суреттерде: ауыл әкімі Тілек Кәкенов (оң жақта) Темірболат Қаржауовқа естелік сыйлық тапсырып тұр; балалар ойын алаңынан көрініс

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале