18.03.2019, 15:56
Оқылды: 38

Ақжайықта келіндер сынға түсті

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты байқау ұйымдастырылды.

 IMG_1231

         «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» атты кезең тапсырмасында әр келін өзінің ұжымымен, отбасымен бірлесе отырып дайындаған дастарқанды таныстырып, ұлттық дәмдердің әрқайсына тоқталып, кейбірінің қалай жасалу жолдарын айтып берді.

         «Кім жылдам?» кезеңіңде өз қолымен санаулы уақыттың ішінде тамақ әзірлеу қажет болды. Бұл жерде айта кету керек, келіндердің дастарқанды таныстыруымен қатар жүріс-тұрысы, киім киісі, сөйлеу мәнері де сыналды.

         Салт-дәстүрге байланысты «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңде сұрақтарға жауап беру де оларға бір зор сынақ болды. Бұл сыннан да мүдірместен өткен сайыскерлер келесі кезеңге жолдама алды.

         «Өнерлі келін – сүйкімді» атты келесі кезеңде сайысқа қатысушылар өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, ән орындады.

         «Қылығына сай екен киімдері-ай!» атты соңғы кезеңде ұлттық нақыштағы қазіргі заманғы киім үлгілерін көрсетті.

         Қазылар алқасының шешімімен І орынды Эльмира Сисенова, ІІ орынды Анар Рысқұлова, ІІІ орынды Зарина Әлімова иеленді. Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұрхат Мағзомов,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале