22.02.2019, 16:54
Оқылды: 37

Ақжайықта көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды

Ақжайық ауданының орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу шарасы өтті.

DSC_0024

         Шарада аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов көктемгі су тасқыны оқиғалары орын алған жағдайда оған төтеп беру үшін аудандық азаматтық қорғаныс құрылымының дайындығын пысықтады. Ол су тасқынынан болатын төтенше жағдайларға пайдаланылатын техникалар мен құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексерді.

Осында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өртке қарсы қызмет бөлімдері, аудандық полиция бөлімі, аурухана өкілдері, №6 жедел құтқару жасағы, басқа да қызмет өкілдері, жауапты мекемелер дайындығын көрсетті.

Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Темірхан Қажығалиевтың айтуынша, биыл ауданда қар былтырғыдан үш есе көп түскен. Төтеншеліктердің болжамы бойынша, Тасқала ауданының маңынан келетін қар суынан Алғабас ауылдық округі аумағында қолайсыздық болуы мүмкін. Аудан орталығында, басқа ауылдық округтерде жағдай тұрақты.

Қ.Айтмұхамбетов көктемгі тасқынның алдын алуға бар жағдайды жасап, табиғаттың тосын мінезіне төтеп беру үшін сақтық шараларын күшейту керегін баса айтты.

DSC_0002 DSC_0016 DSC_0031

Рахмет Қали,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram –дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале