27.05.2020, 18:25
Оқылды: 145

Ақжайықта құрылыс сапасы бақылауда

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов іссапармен Бударин, Алғабас және Жамбыл ауылдық округтерінде болып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан медпункт, мектеп, мәдениет үйінің жұмыс қарқынымен танысты.

E3152B22-121A-4792-8F6D-BC670C28B969

Алдымен Бударин ауылдық округіне қарасты Коловертное ауылындағы медпункт ғимаратын қарап, мердігер «Нұржан» ЖШС-ның жұмысын тексерді. Аудандық аурухана арқылы жасалатын жалпы сомасы 20 млн. теңгеге жуық жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар арасынан бес адам тартылыпты. Аудан басшысы жауапты мекемеге жұмыстарды уақтылы аяқтап, сапасына да баса мән беруді тапсырды. Ғимарат сыртына құрылыс нысанының паспортын ілуді ескертті.

D5619720-196F-4DC2-8407-E4572837A056

Алғабас ауылындағы мектеп ғимаратын тексеру барысында да аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерінің көтерген мәселелеріне құлақ түріп, қайта жаңғыратын нысанның тыңғылықты жасалуын тапсырды. Жобалаушы мекеменің жұмыстарына бірқатар ескертулер жасалып, олқылықтың орнын толтыру жайы қаперге салынды.

216E7949-6723-48DE-91EE-7A9685FE11E7

1984 жылы салынған мектеп ғимараты ескіріп, әбден тозығы жеткен. Тапсырыс беруші мекеме облыстық білім бөлімі арқылы 653,2 млн. теңге бөлініп, мердігер компания «Батысстройинвест» ЖШС жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Жаңа оқу жылына дейін құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

653C1B9D-68C6-464D-958F-C7EE4B45F3BF

Алғабас ауылының белсенді азаматтары Қалияр Шадиярұлына жастарға қажет күрес залының жағдайы мен мал суаратын бөгет жөніндегі біраз мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі өз кезегінде айтылған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен орынбасарына тапсырма беріп, көтерілген мәселе жерде қалмауын қадағалайтынын жеткізді.

Жамбыл ауылдық округіне барған сапарында аудан әкімі мәдениет үйінің толық жөндеу жұмыстарымен танысты. Бір кезде ауыл дүкені болған ескі ғимарат күрделі жөндеуден соң қайта түлеп, мәдени ошаққа айналмақшы. Жүз адамға шақталған шағын мекеменің жөндеу жұмыстарымен қоса көптеген керекті құрал-жабдықтарын да жаңғырту – мердігердің мойнында. Жоба құны 80,6 млн. теңге. Мердігер мекеме «Ингострой» ЖШС.

Сонымен қатар аудан басшысы аталмыш округтегі «Ай Темір Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатқан газ құбырын тарту жұмысының барысымен де танысып шықты.

Жоғарыда айтылған жобаларға жергілікті тұрғындар арасынан 74 адам жұмыспен қамтылған. Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Ақжайық ауданында 9 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асатын болса, бұл жобалар арқылы 324 аудан тұрғыны жұмысқа тартылмақ. Соның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасатындар саны – 164 адам.

Рауан Сатыбалдиев

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале