24.09.2018, 12:01
Оқылды: 65

Ақжайықта М.Абдоловтың 100 жылдығына орай дала қызықтары өтті

Ақжайық ауданында М.Абдоловтың 100 жылдығына орай ауданның мәдениет қызметкерлері театрландырылған көрініс ұсынып, бабалар ерлігін, Ұлы Жеңістің қандай ауыр жолмен келгендігін сахналады.

IMG_6765

         Әрине, мұнда бас кейіпкер Михаил Абдолов болды. Соғысқа аттанған сәтінен Жеңіспен оралған шағына дейінгі аралық көрсетілді. Мысалы, 1944 жылдың 7 қарашасында Бимағамбет бастаған барлаушылар тас қараңғыда Дунай өзенін кесіп өтіп, жауға тұтқиылдан соққы бергені, сол түні дұшпанның 12 сарбазын тұтқынға алғаны жиналғандар назарына ұсынылды.

Осы күн құрметіне мәдениет қызметкерлері, көркемөнерпаздар, облыстық жастар шығармашылық орталығының әншісі Назгүл Оразғалиева, ақын Қалқаман Сарин шығармаларын орындаушылар байқауларының бас жүлдегері, Жамбылдың түлегі, белгілі әнші Ботагөз Супиева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Марат Сарбөпеев секілді өнер саңлақтары әннен шашу шашты.

         Мерейтойдың екінші күні шаралар облысымызға белгілі айтыскерлер Әсет, Айнабек Бисенғалиевтар, Мейірман Шәкеновтың қатысуымен өткен ақындар айтысымен басталды. Олар аға ұрпақ ерлігін, осы тойды өткізуге атсалысқан жандарды, бірлікті, татулықты жырларына арқау етті.

         Дала қызықтарына келер болсақ, 15 шақырымдық тоқ бәйгеге облысымыздың түкпір-түкпірінен 30 сәйгүлік қатыстырылды. Бес айналым бойынша Сырым ауданынан келген М.Төреғалидың «Хантөре» атты сәйгүлігі топ жарды (300 мың теңге). 30 шақырымдық аламан бәйгеде көршілес Жаңақала ауданынан келген Т.Қарабалинның «Нұртөбелі» иесіне бас бәйге (500 мың теңге) алып берді. Қазақ күресі бойынша 80 килогарммға дейінгі салмақ дәрежесінде жамбылдық Нұрбол Серіковке тең келер ешкім болған жоқ. 80 килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде базаршоландық Нұрымжан Ғаббасов «Түйе балуан» атанды. Базаршоландық Темірлан Ғаббасов қол күресінде де, қой көтеруден де жеңімпаз атанды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрхат МАҒЗОМОВ

IMG_6871 IMG_6874 IMG_6944 IMG_6951

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале