3.09.2018, 10:05
Оқылды: 66

Ақжайықта Максим Қожамұратовты еске алды

Тайпақ ауылында бұрын «Зауральный», «Тайпақ», «Қаракүл» кеңшарларын, Бөкей ордасы ауданындағы «Орда» кеңшарын басқарған, сосын халық депутаттары Тайпақ аудандық кеңесінің төрағасы және аудан әкімі болған Максим Қожамұратовты еске алу шарасы өтті.

eske alu

         Аудан әкімі Әділ Жоламанов Максим Жайлыбайұлының халықтың көңілінен шыққан, көптеген жасқа дұрыс бағыт-бағдар көрсеткен, өнегелі еңбек жолы туралы баяндады. Тайпақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ғайнолла Садыров, марқұмның туысы Айхан Горькиұлы, жиен қарындасы Айымгүл Пірімжанова естелік айтты.

         Осыдан соң М.Қожамұратовты еске алуға арналған футболдан жарыс өтті. Оның отбасының және тайпақтық кәсіпкерлердің демеушілігімен өткен спорттық бәсекеге көршілес Атырау облысындағы Индер ауданы, Орал қаласы, Жаңақала ауданы, Ақжайық ауданынан 16 команда қатысты. І орынды (жүлде 100 мың теңге) Тайпақ ауылдық округі командасы, ІІ орынды (70 мың теңге) жаңақалалықтар, ІІІ орынды (50 мың теңге) индерліктер еншіледі.

Рахмет ҚАЛИ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале