12.04.2018, 11:50
Оқылды: 49

Ақжайықта меценаттардың көмегімен 21 ірі жоба жүзеге асты

akjaikАқжайық ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған істер сараланды.

Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің жетекшісі Мәлік Берді Әлі барлық ауылдық округте «Жүз бақытты жүрек», «100 нақты көмек», «Мейірімді жүрек», «Қайырымдылық» акциялары ұйымдастырылып, «Шапағат» қайырымдылық дүкендері ашылғанын, осы бағыттағы барлық тәжірибені кеңейту жайында баяндады.

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналып белгілі алаштанушылар, еліміздің маңдайалды жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысқан ғылыми-танымдық конференция, «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында зерттеу жұмыстары жалғасын табуда. Латын әліпбиіне көшуге орай конференциялар, пікіралмасу, вебинарлар ұйымдастырылды. Кәсіпкер, меценаттардың көмегімен ауданда 11586 мың теңге қаражат жұмсалып, 21 ірі жоба жүзеге асты.

Басқосуда «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының жетекшісі, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Уәлихан Малдыбаев, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының жетекшісі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Құлмұқанова, «Атамекен» кіші бағдарламасының жетекшісі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жетекшісі Әлия Шәрапиева өз салалары бойынша орындалған істерге тоқталды.

Агротехколледждің жастар жетекшісі Мәди Мақсотов, «Нұр Отан» партиясы «Мерей» бастауыш партиясы ұйымының жетекшісі Әсел Мұқанғалиева, Абай атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Әсима Қыдырбаева биыл жүзеге асырылатын жобаларға қатысты ой-толғамдарын ортаға салды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале