16.05.2019, 17:17
Оқылды: 19

Ақжайықта мектеп оқушылары жазғы демалыспен түгел қамтылады

Ақжайық ауданында жылдағысынша, мектеп оқушыларының бәрі, яғни 6011 ұл-қыз жазғы демалыспен түгел қамтылады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 11496,0 мың теңге бөлінді.

102

         Айталық, 2 сауықтыру лагерінде, 1 шатырлы лагерьде, мектеп жанындағы тамақтану ұйымдастырылатын күндізгі 36 лагерьде ең алдымен әлеуметтік әлсіз отбасылардан 1 635, мектепішілік бақылаудағы 27, қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиелдегі 11, даму мүмкіндігі шектеулі 1 24, ІІБ есебіндегі қолайсыз отбасылардан 15 бала қамтылады.

Мектеп жанындағы лагерьде үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» негізінде жазғы тіл мектебі жұмысында 2 245 ұл-қыз қамтылады.

Сондай-ақ, оқушылардың облыс аудандарындағы тарихи-өлкетану музейлеріне, көршілес Атырау жеріндегі Махамбет кесенесіне, Сарайшық шаһарына, Бөкей ордасындағы Хан ордасына саяхаттары жоспарланды.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале