1.02.2019, 16:42
Оқылды: 35

Ақжайықта аң мен балыққа қамқорлық жасалуда

Ақжайық ауданындағы Қаршы орман шаруашылығының қызметкерлері балықтарды, аңдарды қыс маусымындағы тиісті қамқорлыққа алды. Мысалы, Жайық өзенінде, қарасуларда балыққа ауа жеткізу үшін 19 ойық жасады. Сондай-ақ судағы оттегіні молайту мақсатында су сорғылар арқылы ауаны байыту жүргізіліп тұрады.

aqjaiyq

         Қызметкерлер аңдар үшін жиі арнайы дайындалған астауларға 3 центнер шөп, 10 келі қара тұз, екі қапшық жем салып тұрады.

         Сонымен қатар орманшылықта алдағы жаз айларында орын алуы мүмкін өртке қарсы қам-қарекеттер жасалуда. Орманшылық орналасқан Ақжол ауылының әкімдігі және Қаршы орманшылығымен жасалған екі жақты келісімшартқа орай өртке қарсы іс-шара жоспары пысықталуда.          – Орманшылыққа қарасты орман алабында 7 шаруа қожалығы, 1 аңшылық қосын орналасқан. Бұл орындардың маңына өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде тақтайлар орнатылды,-дейді Қаршы орманшылығының орман шебері Мирас Еркенов.

Рахмет Қали,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале