5.01.2018, 17:47
Оқылды: 69

Ақжайықта мұз айдыны ашылды

Ақжайық ауданы орталығы –Чапаевтағы «Жастар» спорт алаңында мұз айдынының маусымдық ашылуы өтті. Көлемі 40х60 метр құрайтын мұз айдынына 120 тонна су құйылды.

Айдынның ашылуына жиналған көпшілікті аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев құттықтады. Ол биыл да қазынадан спорт саласына қажетті қаржы бөлінгенін, тұрғындар үшін барлық жағдай жасала беретінін айтты.

Жиналғандар Оңтүстік Корея елінде өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық құрамаға жанкүйер болатынын жеткізді. Аталған мұз айдынында хоккейден жарыстар басталып кетті. Командалардың алғашқы кездесулерінен соң, конькимен көпшілік сырғанау сайысы ұйымдастырылды.

Нұрхат АСҚАРҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

DSC_0259 DSC_0293

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале