22.10.2018, 18:20
Оқылды: 50

Ақжайықта оқушылар арасында «Үздік экскурсовод-2018» байқауы өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясындағы істерге үлес қосу мақсатында Ақжайық тарихи-өлкетану музейі «Үздік экскурсовод-2018» байқауын ұйымдастырды.

1

         Бұл шара мектеп музейінің жұмысына және өлкетану істеріне белсене араласып жүрген ұл-қыздарды қамтыды.

Қатысушылар өз ауылдарының тарихи-ескерткіш орындары, табиғаты, музейдегі дүниелер жайында әңгімеледі. Қазылар алқасы олардың әңгімелеп беру әдісіне, топ алдында сөйлеу мәнеріне, ақпараттық технологияларды қолдануына жіті назар аударды. «Экскурсовод – музейдің айнасы» тақырыбына оқушылардың ой-толғамдары тыңдалды.

Оқушылар Райхан Баконова (М.Әуезов атындағы мектеп), Диана Жұбандықова (Чапаев №1 мектебі), Мейірбек Рысқали (Қаршы мектебі), Айкөркем Шүкірғалиева (С.Ошанов атындағы мектеп), Эльзада Төлеуғалиева (Алғабас мектебі), Ақжарқын Науқанова (Бударин мектеп-бөбекжайы), Айдын Аманғалиев (Бітік мектеп-бөбекжайы), Айболат Халамғалиев (Тайпақ мектеп-гимназиясы) өздерінің ізденістерін танытқаны қуантты.

Шара қорытындысы бойынша будариндік А.Науқанова «Үздік экскурсовод-2018» жүлдесін жеңіп алды. І орынды С.Ошанов атындағы  мектептен А.Шүкірғалиева, ІІ орынды алғабастық Э.Төлеуғалиева, ІІІ орынды қаршылық Мейірбек Рысқали еншіледі.

Юлия НҰРЛАНҚЫЗЫ,

музей экскурсоводы

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале