23.01.2019, 13:10
Оқылды: 37

Ақжайықта орман жануарларын қоректендіруде

Биылғы қалың қар табиғаты сақшыларында қайта-қайта жедел атқа қондыруда. Соңғы 20 күнде Ақжайық ауданы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жұмысшы-қызметкерлері аңдар үшін 25 центнер шөп, 426 келі жем, 1200 дана буылған бұтақша, 30 келі тұзды алаптарға таратты. Орман жануарларының үйреншікті астауларына салды.

DSC_0001

         - Жабайы аңдардың қыстамасы ойдағыдай өту үшін ұжым жұмыстануда,-дейді аңтанушы Талғат Душаев.

         Сондай-ақ, Жайықтың су қоймаларындағы балықтардың тұншығуына жол бермеу мақсатында Степной, Алмалы, Бағырлай, Антон қарасуларында ауқымды 60 ойық, 184 шағын ойық жасақталды. Сусорғылармен суды ойықтан ойыққа лақтыру орындалуда. Бұл суда оттегінің көбеюіне молынан септесетін әдістің бірі.

maxresdefault

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале