26.02.2018, 17:49
Оқылды: 34

Ақжайықта Сағат Әбдуғалиевті еске алу шаралары өтуде

Ақжайық ауданында ақын Сағат Әбдуғалиевтің 70 жылдығы атап өтілуде.

Арынды ақын Сағат Әбдуғалиев егер арамызда жүрсе, бүгінде 70 жасқа толар еді. Ақжайық ауданында осыған байланысты оны еске алу шаралары өтуде. Осы мақсатта Тайпақ спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Ақжайық ауданының ашық турнирі өткізілді.

Оған Орал қаласынан, көршілес Атырау облысының Индер, Қызылқоға аудандарынан да балғын спортшылар қатысты. Жиналғандар С.Әбдуғалиевтің құрдасы, ардагер ұстаз Сейілхан Зейнетовтің ақын жайында естеліктерін тыңдады. Мұғалім Қамажай Зейноллақызы және мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер туралы жүрекжарды жырларын оқыды. Ақынның ұлы Айқын Әбдуғалиев пен немересі Қайрат Сағаттоллаев сөз сөйлеп, бұл шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысында Ерасыл Зайнолла (25 келі), Темірлан Ғилманов (27 келі), Марат Мақсот (29 келі), Қыдырбай Мырзатай (32 келі), Нұрмұхамед Жұмабаев (46 келі), Әліби Талап (38 келі), Хамбек Қамбек (35 келі), Әлібек Фархат (42 келі, Қызылқоға ауданы) І орынды жеңіп алды.

– Осы өнер, спорт мерекесінде Айқын Сағатұлының құрдастары, достары және спорт жанашыры Марат Таңатов шараға демеушілік көрсетті,-дейді дзюдодан жаттықтырушысы Азамат Сейітқалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале