10.10.2018, 13:38
Оқылды: 23

Ақжайықта «Шапағат» дүкені акция өткізді

Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен 2017 жылдың жазында ашылған «Шапағат» қайырымдылық дүкені аудан орталығы – Чапаевта кезекті акция ұйымдастырды.

IMG_8715

         Яғни, көпбалалы, аз қамтылған жанұялардың 11 мүшесіне айталық, балалардың түрлі қысқы киімдері, әйелдер күртелері таратылды. Көптеген үйде «Сыры кетсе де, сыны кетпеген» немесе басы артық, тіпті жаңа болса да киілмей жатқан киім-кешек аз емесі мәлім. Бұларды тұрғындар «Шапағатқа» тапсырып келеді. Осы ретте қайырымдылық дүкенінің 11 ауылдық округте желісі ашылған.

         – Аудан бойынша бұл қайырымдылық дүкендері арқылы бүгінге дейін 538 отбасына көмек көрсетілді. Оның ішінде аудан орталығында тұратын 178 мұқтаж жан «Шапағаттан» киім-кешек алды, - дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Ақұштап Сапарғалиева.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале