29.01.2018, 11:56
Оқылды: 45

Ақжайықта «Шапағат» қайырымдылық дүкенінің саны 12-ге жетті

\

Ақжайық ауданының орталығында өткен жазда ашылған «Шапағат» қайырымдылық дүкенінің желілері бүгінге дейін ауданның басқа 11 ауылында ашылды.

Тұрғындар үйлеріндегі басы артық киім-кешек, әлі де пайдалануға жарайтын тұрмыстық басқа да заттар тапсырылатын бұл дүкендерден табысы аз отбасылар өз қажеттерін тауып, риясыз көңілден ризашылықтарын арнауда. Бүгінге осындай 234 отбасы солардан іздегендерін тапты.

«Шапағатқа» кейбір тұрғын тіпті жаңа киім-кешектер тапсырды. Мысалы, Ақбұлақ ауылынан кәсіпкер Қарылға Молдағалиева 30 000 теңгенің, көнеккеткендік кәсіп иесі Жаңылсын Абдолова 75 000 теңгенің киім-кешегін әкеліп берді.

 

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале