24.01.2019, 12:19
Оқылды: 20

Ақжайықта тебінді жер мұз құрсауында

Бұл қыс маусымы мал қыстамасына өзінің біраз әбігерін алып келгені мәлім. Өткен жаздағы күн райы шалғынға сараңдық танытып, әр айыр шөптің қадірі асқан шақта Ақжайық ауданы бойынша 216 896 тонна пішен қамдалды, өткен қыстан қалған 9 700 тонна пішен бар. Әйтеуір қажетті меженің шамасына соққан. Желтоқсанға дейін 1 865 тонна жем қоры қамдалды. Бірақ, біраз жерде жылқы тебінін мұз құрсаулағаны сиырлар мен уақ жандықтардың азығына қылқұйрықтардың ортақтасуына әкелді. Мал қыстатуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық штаб бүгінде дамылсыз іс үстінде.

Безымянный

         Бірсыпыра шаруалардың жылқылары тоғай алаптарын паналауда. Кеше ғана Қабыршақты ауылдық округінде бір қыстақта шөптің түгесіле келуіне байланысты басқа жерден жеткізуге қам жасалды. Көптеген ауылдағыдай, Жамбылда жем қоры толықтырылуда. Оны тасымалдаушылармен уақ жандықпен есептесу ойластырылған. Сарытоғай ауылдық округінде саттыққа жем жеткілікті. Ақжол ауылдық округінде бір шаруа қожалығынан былтырдан қалған тайланған пішен сатылуда.

         «Егер қыс аяғы созылып кетпесе, жемшөп жөнінде амалдауға болады» дейді ауылдардағы басшы-қосшылар. Биылғы «кәрі құда» қаперге салған жайлардан қандай сабақ алуға болады? Мысалы, Бударин ауылдық округіндегі «Атамұра» шаруа қожалығы мен Ақсуат ауылдық округіндегі «Мұқадес» шаруа қожалығы жүгері өсіріп, жүздеген тонна сүрлем бастырып жүр. Жемшөп қорына байланысты мұртын балта шаппайтындардан үйренген абзал.

         Аудан бойынша жоғарыда аталған пішен қорынан кешеге дейін 159 847 тоннасы жұмсалды. Бүгінге 1 821 тонна жем бар.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале