11.10.2018, 15:56
Оқылды: 64

Ақжайықта тұмауға қарсы 4000 адамға тегін екпе егіледі

Жыл сайын қайталанатын тұмау, жедел респираторлық инфекцияларға қарсы тегін вакцинаны Ақжайық ауданында 4000 адамға егу көзделген еді. «1 қазаннан бері бұл шара ауданда ойдағыдай өтуде. 11 қазанға дейін тегін вакцинациялау 2934 адамға жасалды»,-дейді Ақжайық аудандық орталық ауруханасының дәрігер эпидемиологі Еркебұлан Беляков.

images

         Оның айтуынша, мысалы, аталған күнге дейін 6 айдан 1 жасқа дейінгі 180 нәресте, 84 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 947 жеткіншек, 15 – 30 аралығындағылардан 387, 30-дан жоғары жастағылардан 1339 тұрғын екпе алды.

         Аурудан сақтану, ағзаның инфекцияларға қарсы иммунитетін арттыру жайында медицина қызметкерлері жер-жерде кеңінен түсініктер жүргізіп, жеке гигиена ережелеріне жете мән беру қажеттігін тұрғындарға ескертуде. Бүгінге дейін екпе алғандар арасында жұмысы халықпен тығыз байланысты 291 медицина қызметкері бар.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале