23.01.2018, 15:13
Оқылды: 19

Ақжайықта тұрғын үйден өрт шықты

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта бір тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Баспананың төбесінен шығып жатқан түтінді жергілікті тұрғын Ерлан Есенғалиев байқап қалып, құтқарушы мамандарға хабар береді.

ТЖ бөлімінің бас инженері Армат Сабырғалиевтің айтуынша, ағашпен жағылатын пештің түтін тарту жолы, мұржасы ыспен бітеліп қалған. Сөйтіп, қызудан төбе жана бастаған. Өрт тұрғын үйдің 12 шаршы метрін шарпып үлгерген.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале