4.02.2019, 10:46
Оқылды: 19

Ақжайықта волейболдан аудан біріншілігі өтті

Ақжайық ауданының орталығында волейболдан әйелдер командасы арасында аудан біріншілігі өтті.

DSC_0026

         Жарысқа 8 ауылдық округтің командасымен қоса Тайпақтан Қ.Байсықов атындағы мектеп, Чапаевтан агротехколледж, М.Әуезов атындағы мектеп, аудандық аурухана, №1 мектеп, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жігер» спорт клубының командасы қатысты.

         Тартысты да қызықты сайыс қорытындысында «Жігер» спорт клуб командасы жеңімпаз атанды. II орынды М.Әуезов атындағы мектеп командасы иеленсе, III орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Алғабас ауылдық округінің командасы бөлісті.

         Күләш Тілеулина «Үздік ойыншы», Әсемгүл Ақбаева «Үздік тосқауылшы» (екеуі де М.Әуезов атындағы мектеп), Диана Жұбандықова «Үздік шабуылшы», Құралай Ахмет «Үздік қорғаушы» (БЖСМ), Дильназ Темірболатова «Үздік шабуылшы», Азиза Айтқали «Үздік қорғаушы» (Тайпақ ауылы), Лиля Әбдірашитова «Үздік байланыстырушы» («Жігер» спорт клубы) аталымдарымен марапатталды.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале