18.02.2019, 18:13
Оқылды: 36

Ақжайықта жас педагогтар байқауы өтті

Ақжайық ауданының орталығында жас педагогтар арасындағы «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ республикалық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.

 20190218_165632

          Байқауға 28 жас педагог қатысты. Эссе жазып, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өздерінің ізденістерін ұнысып, көркемсөз оқу, жұмысын аудиожазба арқылы көрсету бойынша сынға түсті.

         Одан әрі қатысушылар Абай атындағы мектеп-гимназиясында өздеріне бейтаныс сыныпта 1-3, 5-8 сыныптарда ашық сабақ өткізді.

         Қорытындысында бас жүлде Алғабас мектебінің математика пәні мұғалімі Еламан Халиматовқа бұйырды. Білім ұясындағы еңбек жолы үшінші жылға аяқ басқан оның айталық, сөйлеу мәнерін қалыптастыруы, тіл байлығы үшін ізденістері, «Бір айнымалысы бар сызықтың теңсіздіктер жүйесі» атты сабағы жоғары бағаланды. Сөйтіп облыстық байқауға жолдама алды.

         –І орынды Жайық мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Светлана Зайдолла, ІІ орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ағырыс Әдиетова мен М.Әуезов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жансая Елеусінова, ІІІ орынды Чапаев №1 мектебінің биология пәнінің мұғалімі Әсел Қошай, Харькин мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Санат Кәрімов, Тайпақ мектебінің химия пәнінің мұғалімі Гүлзада Ермекқалиева мен Мерген мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дана Оразова елшіленді,-дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Анар Баймұханова.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале