5.11.2018, 11:42
Оқылды: 56

Ақжайықта жас педагогтардың І аудандық слеті өтті

Ақжайық ауданында жас педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру, оларға жаңа технологияларды таныстыру мақсатында «Идея. Ізденіс. Шабыт» І аудандық слеті өтті.

SONY DSC

         Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Анар Баймұханова мен жас педагогтардың «Идея. Ізденіс. Шабыт» облыстық слетінің қатысушылары Еламан Халиматов, Айгерім Құмарова, Абай Мінжасов, Жұлдыз Құсайынова, Марат Ғабитов, Нұрхат Сарбасов, Назерке Бақтыгереева, Назира Дендерова шара барысында дәуірдің мектепке, мұғалімге тың талаптары жайында жан-жақты әңгімеледі. Слет барысында жас педагогтармен туристік кедергілер бойынша сайыс түрлері, «Өркен» коворкинг орталығында «Мұғалім мәртебесі» тақырыбында дебат және «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының консультанты Біржан Кухаевпен сұхбат өткізілді.

         Сондай-ақ жиналғандар өңірімізге іс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалинмен кездесіп әңгімелесті.

         «Айналмалы бекет» әдісімен Абай атындағы мектеп-гимназияның коуч тренерлері жаңартылған білім мазмұны аясында шара өткізді. Яғни, Қымбат Қуанышқалиева «Оқушылардың оқу белсенділіктерін артыру үшін қолданатын қалыптастырушы бағалау түрлері», Гүлнәр Иманғалиева «Оқушыны ынталандыратын оқытудың тиімді тәсілдері», Әсел Ерментаева «Рефлексия мен кері байланыс» тақырыбында коучингтер ұйымдастырды. Одан әрі орталық кітапханада «READх» жобасы өткізіліп, жастар журналист Мәлік Берді Әлімен сұхбаттасты.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале