11.02.2019, 16:31
Оқылды: 28

Ақжайықта жас жұбайлар қайырымдылық жасады

Облысымызда басталған «Жақсылық жаса!» жастар марафонын Ақжайық ауданында тура отау көтерген күні чапаевтық Амангелдиевтер де қолдады.

1

         Жас жұбайлар Тынымгерей мен Мәлика аудан орталығындағы бір көп балалы отбасына азық-түлік толы қоржынды жеткізіп және 20000 теңге қаржылай жәрдем көрсетті. Жанұялық өмірін шарапатты іспен бастаған жастар сөйтіп, 9 баланы дүниеге әкеліп, өсірген отағасы мен отанасының алғысына бөленді.

         - Үйлену тойы өміріміздегі ең үлкен қуаныш, - дейді жыл қорытындысы бойынша «Үздік жас полиция» маманы деп танылған Тынымгерей.

         - Біз жұп болып қадам жасаған өміріміздің алғашқы сағаттарын қолымыздан келгенше қайырымдылықпен бастағымыз келді. Осындай ниетіміз бар екенін ата-анамызға білдіріп едік, олар қуана қолдады. Біз мұны ат шығару, мақтан үшін емес, жүрек қалауымызбен жасадық. Басқа да жас жұбайларды ойландырғымыз келеді, - жас жұбайлар.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале