15.05.2018, 12:04
Оқылды: 31

Ақжайықта жауынгер-спортшыны еске алды

Ақжайық ауданы Ілбішінде (Ақжол ауылдық округі) Кеңес армиясы Қарулы күштерінің прапорщигі, аудандық, облыстық ауыр атлетика (штанга) сайыстарының жеңімпазы Меңдеш Иғазиевты еске алу жарыстары өтті.

Аталған ауылдағы орта мектептің түлегі ол ауданда акробатика, шахмат, облыста ауыр атлетика жарыстарынан жеңімпаз атанды. 1971-1973 жылдары Чита облысында әскери борышын өтеген кезінде І дәрежелі жауынгер-спортшы атағын алған. 1973 жылы Харьков қаласында прапорщик мектебін өтіп, Ілбішін ауылындағы сол кездегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінде прапорщик қызметін атқарған. Өкінішке қарай, өмірден ерте өтті.

1976 жылы 23 жасында көз жұмды. Көші аудандардан да өкілдер қатысқан аталған шараларда І орынды штанга көтеруден Тілек Қозбақов (Ақжол), шағын футболдан Қаршы мектебі түлектерінің командасы иеленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале