27.05.2019, 16:48
Оқылды: 142

Ақжайықта жаяу туризмнен республикалық жарыс аяқталды

Ақжайық ауданындағы Көнеккеткен ауылында белігі мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың 120 жылдығына арналып оқушылар арасында республикалық жаяу туризм техникасынан жарыс ұйымдастырылды.

turizm (1)

         Қайраткердің туған жеріндегі жарысқа көршілес Атырау облысының Құрманғазы, Индер аудандарынан, өз өңірімізден Теректі, Бәйтерек, Сырым, Ақжайық аудандарынан 11 команда қатысты.

         Шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Дәурен Нұрғожа, аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының директоры Максим Үмбетәлиев, Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі Ұлдаш Қадырғалиева, Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы жас туристер бекетінің директоры Алмажи Өтегенов құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қайраткер Ораз Жанұзақұлы туралы кеңінен айтылды.

         –Жасөсіпірімдер арасында туризмді дамыту, олардың денсаулығын шыңдау сонымен қатар Ораз Исаевтың еңбегін жас ұрпақ санасына сіңіруді мақсат тұтқан бұл шараның маңызы зор. Туризм саласы бойынша бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, жастар арасындағы достықты кеңінен насихаттау бүгінгі басты мақсат. Бірліктің бәсекесінде баршаңызға сәттілік тілейміз,-деді Дәурен Нұрғожа.

         Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде туризм техникасы қашықтығы бойынша І орын Сырым ауданы, садақ атудан І орын Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ломоносов атындағы мектеп, табиғи өнімдерді пайдаланудан І орын Бәйтерек ауданы командаларына бұйырды. Жалпыкомандалық есепте І орынды Сырым ауданы, ІІ орынды Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ломоносов атындағы орта мектеп, ІІІ орынды Бәйтерек пен Теректі аудандары командалары иеленді.

Саламат Өтеуов,

қосымша білім беру педагогі

Ақжайық ауданы

turizm (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале