17.09.2018, 11:02
Оқылды: 121

Ақжайықта жиде алқабы ұлғаяды

Ақжайық ауданы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде орман орналастыру жобасына сай 150 келі жиде тұқымы жиналды.

20180906_095859

Шөлді жерлерді көгалдандыруға, құм тоқтатуға, тағы басқа да пайдаланатын бұл өте пайдалы ағаш дән тобы Қостанай аумақтық тұқымды зерттеу стансасына жіберілді. Зерттеу қорытындысы бойынша класы анықталғаннан кейін Тайпақ орманшылығында орналасқан 3 гектар жердегі тұқымбаққа қазан айында егіледі. Дәннен егілген өскін көктем айында екпе көшеттеріне пайдаланылады.

– 2017 жылы көктемде екпелерді толықтыру үшін 5 гектар жерге 5 мың дана жиде егілді. Атап айтсақ, Алмалы орманшылығында – 3 гектар, Қарауылтөбе орманшылығында – 2 гектар алқапта отырғызылды. Сөйтіп мекеме бойынша жиде алқаптарының аумағы ұлғаятын болады,-дейді Тайпақ орманшылығының орманшысы Сәбит Жалмұханов.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

20180824_110152

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале