15.02.2018, 15:41
Оқылды: 21

Ақжайықта жұмысшы мамандықтарына 150 адам оқытылады

Ақжайық ауданының орталығындағы агротехколледжде ауылдардан 15 адам газбен дәнекерлеу мамандығына оқуды бастады.

Олар мұнда 3 ай оқитын болады. Жер-жерде құрылыстың өрістеуі осындай кәсіпті игергенді сөзсіз талап етіп отырғанын айтпағанда, дәнекерлеу ісін игергендер қашанда жұмыссыз қалмайтыны және белгілі. «Еңбек, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының І бағыты бойынша ауданда түрлі жұмысшы мамандығына биыл 150 адам оқытылады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале